Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Кореядан Өзбекстанға гуманитарлық көмек жүгі келді
11:56 / 2020-04-27

Корё университеті профессоры Юн Синг Жу Өзбекстанға коронавирусты емдеуде сарапшы ретінде келетін болған


Өзбекстан Республикасының Сеулдегі елшілігі коронавирустық инфекциямен күрес үшін елдегі COVID-19 індетін таралуын болдырмауға қарсы халықаралық ынтымақтастық аясында Корея Республикасынан гуманитарлық көмек алды, деп хабарлайды «Dunyo» ақпарат агенттігі.

Жалпы салмағы 34 тоннаға жуық гуманитарлық көмекке қол ұшын берген Оңтүстік Кореяның “Evergreen Motors”, “Hanshin E&C”, “Shindong Resources”, “BOMI E&C”, “GM Korea”, GM, “UNICO Logistics”, “Chung Hospital”, “Myung Sung Placon”, “Suwan TPL”, “Union Korea Pharm”, “Century”, “Infinity Co., Ltd.”, “LH”, “Hyundai Engineering” сынды компаниялары мен Шинхан университеті қолдау көрсеткен.

Бұдан бөлек, Корея Республикасының Сыртқы істер министрлігінен бөлінген 250 000 доллар қаржыға “PCL Inc.” диагностикалық тест жүйесі сатып алынды. Атаулы көмектің 900 мың долларды құрайтын 6,2 тоннасы кеше кешке “Uzbekistan Airways” әуе компаниясының арнайы ұшағында Ташкентке әкелінді.

Сондай-ақ Корё университеті профессоры Юн Синг Жу мырза COVID-19 індетіне қарсы күресте сарапшы ретінде алдағы келер гуманитарлық көмектің 27,6 тоннасы артылған ұшақпен Өзбекстанға келетін болған.

Еске сала кетсек, Корей медицина қауымдастығының ғылыми-зерттеу комитетінің төрағасы және коронавирусқа қарсы күрес штабының жетекші кеңесшісі префессор Цой Чже Ук арнайы шақыртылған болса, Қытайдан 15 медицина мамандарынан құралған арнайы делегация Ташкентке келіп қазіргі кезде вируспен ауырған жандарды емдеуде өздерінің тиісті көмектерін беруде.