Оңтүстік Кореяда елде заңсыз жүрген шетел азаматтарына қарсы кең көлемді рейдтер басталды.
Тексерулер Әділет министрлігі, полиция, теңіз полициясы, сондай-ақ Еңбек және көлік министрліктері қатысуында өтіп жатыр.
Бірлескен операциялар биылғы жылдың 12 желтоқсанына дейін жалғасады. Науқан заңсыз мигранттарды, жергілікті азаматтардың жұмыс орындарын иеленіп жүрген шетелдік қызметкерлерді, делдалдарды және еңбек ережелеріне қайшы әрекет етіп жүрген тұлғаларды анықтауға бағытталған.
Бұл тұрғыда ең бір қатаң тексетіс «APEC 2025 Korea» саммиті қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілген Кёнжу қаласы мен оған іргелес аймақтарға аударылып отыр.
Миграциялық заңнаманы бұзғандарға айыппұл, депортация және елге қайта кіруге тыйым салу шаралары қарастырылған. Сонымен қатар, Әділет министрлігі рейдтер кезінде шетел азаматтарының адам құқықтарының сақталуына айрықша көңіл бөлінетінін атап өтті. Сондай-ақ, заңсыз мәртебені өз еркімен жою болашақта ауыр құқықтық салдардан сақтануға мүмкіндік беретіні ескертілген.
Өзбекстанның Сыртқы еңбек миграциясы агенттігінің дерегінше, жыл басынан бері E-9 визасының талаптарын бұзған 26 азаматқа айыппұл салынған. Үшжақты келісімге сәйкес, олардың әрқайсысына заңсыз жүрген әр айы үшін 2000 АҚШ доллары көлемінде айыппұл белгіленген.