Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Кореяда коронавирус пен тұмауды анықтайтын бірегей тест ойлап табылды
10:19 / 2020-11-06

Оңтүстік Кореяның тамақ және дәрі-дәрмек қауіпсіздігі министрлігі COVID-19 және маусымдық тұмауды бір үлгіде анықтайтын жаңа сынақ тестін тіркеді.

CNN мәліметінше, осы әдіспен науқастар COVID-19 және маусымдық тұмау нәтижелерін 3-6 сағат ішінде ала алады.

«Бұл медициналық қызметкерлерге де, тест нәтижелерін күткен пациенттерге де қолайсыздықты азайтады», - деген Оңтүстік Кореяның денсаулық сақтау өкілі Юн Та Хо.

Соңғы дерекке байланысты Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырған науқастар саны 27 мыңнан асып, 475 кісі көз жұмған.