Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Корея зымыраны ұшу кезінде апатқа ұшырады
16:58 / 2025-12-24

Оңтүстік Кореяның ғарышқа коммерциялық зымыран ұшыру жөніндегі алғашқы талпынысы сәтсіз аяқталды.

Innospace компаниясының мәліметінше, Hanbit-Nano жеңіл тасығыш зымыраны Бразилиядағы Алкантара ғарыш айлағынан ұшырылған. Алайда ұшырылғаннан кейін шамамен 30 секунд өткен соң техникалық ақау орын алған.

Осыдан кейін зымыран алдын ала белгіленген қауіпсіз аймаққа құлап түсті. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, материалдық шығын көлемі әзірге нақтыланбады.

Ұшу барысы YouTube платформасында тікелей эфирде көрсетілген, алайда ұшу кезінде жалын байқалған соң трансляция тоқтатылды.

Hanbit-Nano зымыраны Жердің төмен орбитасына барлығы сегіз пайдалы жүктi, соның ішінде бес жасанды серікті жеткізуге арналған болатын. Бұл ұшу бастапқыда 22 қарашаға жоспарланған, алайда содан бері үш рет кейінге шегерілген еді.