Ташкентте ӨР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты қызметкерлері мен Оңтүстік Кореяның KOTRA агенттігінің өкілдері арасында кездесу өтті.
Министрлік дерегінше, кездесуде Өзбекстанмен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға ниет білдірген жетекші кореялық компаниялардың ұшқышсыз ұшатын аппараттары таныстырылды.
«Өзбекстандық мамандарға ауыл шаруашылығында қолдануға болатын Оңтүстік Кореяның Geospatial Information, HUINS, PRENEU, Samsung drone, Meissa және SEESAW D&U компаниялары шығарған дрондар – ұшқышсыз ұшатын аппараттар таныстырылды», делінген хабарламада.
Іс-шарада корей мамандары әзірлеген жоғары өнімді және көп функциялы ұшқышсыз ұшақтарды қолдану мүмкіндіктері, жасанды интеллект технологиялары, егін егу жұмыстарын кешенді бақылау, Өзбекстанның ауыл шаруашылығында тыңайтқыштарды жоғары дәлдікпен бақылауға және өсімдік ауруларына қарсы күресуге мүмкіндік беретін инновациялық шешімдер талқыланған.