Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Корея Өзбекстанда қалдықтарды өңдеу жобасын жүзеге асырады
17:52 / 2023-06-07

ӨР Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі Кореяның Экологиялық индустрия және технологиялар институтымен құны 6,6 миллион доллар болатын гранттық жобаны жүзеге асыру туралы келісімге қол қойды.

Министрліктің хабарлауынша, кездесуде ЖЫзақ облысында медициналық қалдықтарды кәдеге жарату және полигондардан шығатын газдарды ұстап қалатын нысандарды салу жобасы аясында бастапқы перспективалары талқыланды.

Жоба аясында 500 кВт-1 МВт қуатына ие полигон газын жинау нысаны, 500 кВт-1 МВт электр станциясына қосылуға болатын қалдық газды жинау жүйесі салынады.

Кездесуде келешекте Ташкентте Кореяның қоршаған ортаны қорғау индустриясы және технологиялары институтының кеңсесін ашу перспективалары туралы сөз қозғалды.