Оңтүстік Корея Өзбекстанда азаматтарды төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге үйрететін орталық салады.
Корея парламентінің құрылыс және көлік мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы Ким Ду Гван бастаған делегация Өзбекстанның төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Азизбек Латифжоновпен кездесті.
Кездесуде «Оңтүстік Корея-Өзбекстан» бизнес қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Ким Чанг Кеон, «TDC Co Ltd» компаниясының президенті Чой Ин Чанг және басқалар Кореяның өрт қауіпсіздігі қауымдастығымен бірлесіп Өзбекстанда азаматтарды өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайларға әрекет етуге оқытатын заманауи оқу орталығын құру жобасы туралы ақпарат берді.
Dunyo ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, тараптар бұл жобаны жүзеге асыруға мемлекеттік және жеке секторлардың ынтымақтастығы арқылы белсенді қолдау көрсетуге келісті.
Өзбекстанда азаматтарды өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайларды жоюға үйрететін заманауи оқу орталығы шамамен 30 миллион доллар тікелей инвестиция есебінен 5 гектар аумақта салынады.
2022 жылдың маусым айында Оңтүстік Кореядан Өзбекстанға 8 арнайы өрт сөндіру көлігі мен медициналық құрал-жабдықтар, қорғаныс құралдары тегін жеткізілді. Тамыз айында корей мамандарының қатысуымен Ташкент және Ферғана облыстары ФВБ-да осы техниканы қолдану бойынша оқу курстары ұйымдастырылды.