Өзбекстанға мемлекеттік сапармен келегн Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль Премьер-министр Абдулла Ариповпен бірге Ташкент қаласындағы «U-ENTER» инновациялық кәсіпкерлік орталығында болды.
Корея халықаралық ынтымақтастық агенттігі және Кореяның ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту агенттігінің қолдауымен құрылған «U-ENTER» инновациялық кәсіпкерлік орталығы Оңтүстік Кореяның озық тәжірибесі негізінде өзбекстандық жас кәсіпкерлерге бизнес жобаларын жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге арналған.
[gallery-17832]
Осынау орталық стартаптарды қолдау жүйесін құру және мүмкіндіктерді күшейту арқылы Өзбекстан стартап экожүйесін жандандырады, тәжірибе алмасады және кореялық стартаптардың Орталық Азияға енуіне негіз болады.
Әлемдегі күрделі жаһандық дағдарыс күшейіп тұрған шақта елдердің дамуы үшін өзара экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтіп, тиімді жобаларды осылайша қолдау маңызды.
Президент Юн Сок Ёль орталықта Өзбекстан жастарымен шынайы сұхбат құрды.
Сондай-ақ, Корея Президенті Орталықтың құрметті қонақтары кітапшасына өзінің жүрекжарды сөздерін жазып қалдырды.
А.РУСТАМОВ, ӨзА