Корея Наманганда логистикалық орталық құрады
Өзбекстан мен Оңтүстік Корея арасындағы аймақаралық байланыстарды жандандыру мақсатында Наманган облысы әкімінің орынбасары Б.Нуриддинов бастаған делегацияның осы елге іс-сапармен барды.
Өзбекстан делегациясы Оңтүстік Кореяның Пуё қаласы мэрі Пак Джун Хунмен өткізген келіссөздері барысында тараптар өңірлер арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге шығару, бұрын келісілген жобаларды жеделдету, жобаларды іске асыру үшін жұмыс тобын құру және «Жол картасын» әзірлеу туралы келісімге келді.
«Кездесу соңында Наманган облысы мен Пуё қаласы арасында туристік және мәдени қарым-қатынас орнату, «Чуст» ауданындағы пайдаланылмай жатқан 1000 гектер жерді игеру, Наманган қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, экспорттау бойынша логистикалық орталық құру бойынша 10 миллион АҚШ долларын құрайтын келісімдерге қол қойылды», делінген хабарламада.