Оңтүстік Кореяның «Posco International» корпорациясы Ферғана мен Бұхарадағы өндіріс орындарына күн батареяларын орнатпақ.
Dunyo ақпарат порталының мәліметінше, Өзбекстан Елшісі Виталий Фен Оңтүстік Кореяның «Posco International» корпорациясы төрағасының орынбасары Так Джонгпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Так Джонг осы жылдың наурыз айында Өзбекстанға сапарының қорытындылары туралы ақпарат беріп, ол Инвестициялар, индустрия және сауда министрлігінде және Ферғана облысының әкімінде өткен келіссөздер барысында Ферғана облысындағы тоқыма кластерінің қызметін кеңейту, атап айтқанда, жаңа мақта тазарту зауытының құрылысы және дайын тоқыма бұйымдарын шығаратын өндірістік қуаттарды құру мәселелерін талқылағанын айтқан.
«Так Джонг «Posco International» компаниясының жаңартылатын энергия көздеріне көшу үшін Ферғана және Бұхара облыстарындағы өндіріс орындарына күн батареяларын орнату бойынша белсенді жұмысты бастағанын мәлімдеді. Компания Өзбекстанда күн электр станцияларын салу арқылы «жасыл» энергетиканы дамыту тәжірибесін енгізуге дайын», делінген хабарламада.
Кездесу соңында тараптар Өзбекстанда өзара тиімді инвестициялық жобаларды ілгерілету бойынша жұмыс деңгейіндегі тұрақты келіссөздерді жалғастыру туралы келісімге келген.