Оңтүстік Кореяның ең ірі әуекомпаниясы – «Korea Air» коронавирус пандемиясы салдарынан банкроттық алдында тұрған басты бәсекелесі «Asiana Airlanes» компаниясының бақылау пакетін сатып алғаны хабарланды.
Екі ірі авиакомпанияның бірігуіне пандемия кезінде банкроттық алдында тұрған Asiana Airlanes-тағы экономикалық дағдарыс себеп болған. Авиакомпанияға иелік ететін «Kumho Holding» компаниясы оны бірнеше рет сатуға тырысқан, бірақ сауда-саттық әр жолы оң нәтижемен аяқталмаған. Осы себепті олар басқа шара іздеуге мәжбүр болып, соңында «Korean Air» компаниясымен бірігу жайлы тоқтамға келген.
Екі компанияның басшылары мен мемлекеттік қызметкерлер қатысқан жиында оларды біріктіру туралы шешім қабылданып, «Korean Air» компаниясы «Asiana Airlanes»-тің 63,9 пайыз акциясына иелік етеді. Бұл келісім 1,8 миллиард долларға бағаланған.
Әлемдік нарықтағы нақсы сандарға назар аудасақ «Korean Air» жүк тасымалы бойынша әлемде 19-шы орында, ал «Asiana Airlines» 29-шы орында. Келісім бойынша «Korean Air» атауы сақталатын жаңа авиакомпанияның активтері 36 миллиард долларды құрайды және жүк және жолаушылар тасымалы бойынша әлемде жетінші орын алады деп күтілуде.