Конья-2021: Өзбекстандық екі ауыр атлет чемпион атанды
Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында өзбекстандық ауыр атлет Руслан Нуриддинов пен Акбар Джураев турнирдің рекордты чемпион атанды.
-109 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нуриддинов серпе көтеруден 187 келі, жұлқа көтеруден 230 келі және қоссайыс қорытындысы бойынша 417 келі салмақ жинап, Ислам ынтымақтастығы ойындарының рекордын орнатты және 3 алтын алқа еншіледі.
+109 келі салмақтағы Олимпиада және Әлем чемпионы Акбар Джураев турнирде теңдессіз болды. Серпе көтеруден 200 келіні бағындырған ол жұлқа көтеруден 246 келілік нәтиже көрсетті. Джураев қоссайыс қорытындысы бойынша 446 келі нәтижемен абсолютті чемпион атанып 3 алтынға қол жеткізді.

Осылайша екі зілтемірші де Ислам ынтымақтастығы ойындарында Өзбекстан құрамасының қоржынына 6 алтын медальді қосты.
V Ислам ынтымақтастығы ойындарының медаль саны бойынша Өзбекстан құрамасы жалпы есепте екінші орында тұр.
- Бірінші орын - Түркия 114 (90 алтын, 81 күміс, 63 қола)
- Екінші орын – Өзбекстан 112 (40 алтын, 28 күміс, 44 қола)
- Үшінші орын - Иран 110 (37 алтын, 31 күміс, 42 қола)