Конья-2021: Өзбекстан спорт делегациясы Ислам бірлігі ойындарына аттанды
2022 жылдың 9-18 тамыз күндері Түркияның Конья қаласында V Ислам ынтымақтастығы ойындары өтеді.
Атаулы байрақты бәсекеге қатысу үшін Өзбекстан спортшыларынан құралған делегацияны бүгін, 6 тамызда Ұлттық Олимпиада комитетінің ғимаратында жоғары көңіл-күймен жарысқа шығарып салу рәсімі өтті.
Салтанатты шараға Өзбекстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Абдуджаббар Абдувахидов, Спортты дамыту министрлігі мен ҰОК басшылығы және үкімет өкілдері қатысты.
Осы шарадан кейін делегация мүшелері арнайы автобустармен Ислам Каримов атындағы Ташкент халықаралық әуежайына барып, мемлекет тарапынан бөлінген арнайы чартерлік рейспен Конья қаласына аттанады.
