2022 жылдың 7 желтоқсанында Сыртқы істер министрлігінде «Өзбекстан Конституциясының 30 жылдығы» мерейтойлық төсбелгісін салтанатты түрде тапсыруға арналған салтанатты шара өтті.
Атаулы шараға Сыртқы істер министрлігі Орталық аппаратының қызметкерлері, Өзбекстанның шет мемлекеттердегі дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары қатысты.
Шара басында ӨР Сыртқы істер министрі Владимир Норов тәуелсіздіктің символы болып табылатын Коснтитуцияның мемлекет әлеуметтік-саяси өміріндегі орны мен маңызы туралы өз ойын білдірді.
Атап айтқанда, Сыртқы істер министрлігі өз қызметін осы заң негізінде ұйымдастыруда. Соның нәтижесінде бүгінде Өзбекстан Орталық Азия өңірінде өзара ынтымақ пен сыйластық, жақын көршілік пен стратегиялық әріптестік рухында жаңа саяси ахуал қалыптастыра алды, делінген хабарламада.
[gallery-9909]
Ведомство дерегінше, Өзбекстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына орай Өзбекстан Республикасы тәуелсiздiгiн нығайтуға және оның дамуына лайықты үлес қосып келе жатқан жерлестерiмiздiң арасында Өзбекстан Республикасы Президентінің жарлығымен Министрлік Орталық аппаратының қызметкерлері және еліміздің шет мемлекеттердегі дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары «Өзбекстан Конституциясының 30 жылдығы» мерекелік төс белгісіне лайық деп табылып, оларға осы марапат табыс етілді.