Өзбекстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы конституциялық заң жобасын жалпыхалықтық талқылау мерзімі 2022 жылғы 15 шілдеге дейін ұзартылды.
ӨР Олий Мажлис заң шығару палатасының кезекті отырысында депутаттар «Өзбекстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» конституциялық заң жобасын қоғамдық талқылауға қатысты мәселені қарады.
Белгілі болғандай, «Заң жобаларын қоғамдық талқылау туралы» Заң негізінде Өзбекстан Республикасы Олий Мажлиси Заң шығару палатасының 2022 жылғы 24 маусымдағы шешіміне сәйкес «Республика Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ӨР Конституциялық заң жобасы 2022 жылдың 25 маусымы мен 5 шілдесі аралығында қоғамдық талқылауға ұсынылған болатын.
Бүгінге дейін Конституциялық заң жобасына қатысты халық пен азаматтық қоғам институттарынан 57 мыңнан астам ұсыныс келіп түскен. Жүргізілген талдау нәтижесі көрсеткендей, қоғамдық талқылаудың алғашқы күндерінде конституциялық заң жобасы бойынша түскен ұсыныстардың саны күніне 700-ге жуық болса, қазіргі уақытта олардың саны күніне 10 мыңға дейін өскен.
Азаматтардың конституциялық заң жобасы бойынша пікір білдіру белсенділігінің артуы, келіп түскен ұсыныстардың көбеюі жалпыхалықтық қоғамдық талқылау мерзімін ұзарту қажеттілігін туғызуда.
Осы айтылғандар негізінде, Заң шығару палатасы «Өзбекстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» конституциялық заң жобасын жалпыхалықтық талқылау мерзімін 2022 жылғы 15 шілдеге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.
Жалпыхалықтық талқылау барысында «Өзбекстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ӨР Конституциялық заңының жобасы бойынша Қарақалпақстан тұрғындарынан түскен ұсыныстар мен пікірлер бойынша Өзбекстан Республикасы Президенті Ш. Мирзияев тарапынан Қарақалпақстан Республикасы Жуқорғи Кеңеси депутаттары және Қарақалпақстан Республикасы белсенділерімен өткен кездесуде айтылған ұсыныстар ескерілуі қажет деп табылды.
Яғни, Өзбекстан Республикасы Конституциясының 70, 71, 72, 74 және 75-баптары өзгеріссіз қалдырылып, олар қолданыстағы нормаларды сақтауды жөн деп тапты.