Конституциялық сот Заң шығару палатасының «Өзбекстан Республикасының Конституциясы туралы» Өзбекстан Республикасының Конституциялық заңының жобасы бойынша Өзбекстан Республикасының референдумын өткізу жайлы шешімді қарауға кірісті.
ӨР Конституциялық сотына Олий Мажлис Заң шығару палатасының 2023 жылғы 10 наурыздағы «Өзбекстан Республикасының Конституциясы жайында» Конституция жобасы бойынша Өзбекстан Республикасы референдумын өткізу туралы» 3017-IV санды қаулысының Конституцияға сәйкестігін анықтау туралы өтініш түсті.
«Өзбекстан Конституциялық соты Олий Мажлис Заң шығару палатасының арызы мен оған қосымшалардың «Республиканың Конституциялық соты туралы» Конституциялық заңының 29-бабында белгіленген Конституциялық сотқа жүгінуге қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеріп, талаптарға сәйкес келетінін анықтады және бұл өтінішті қарауға болады деген қорытындыға келді», делінген Конституциялық сот хабарламасында.
Жоғарыда айтылғандар негізінде Конституциялық Сот «Өзбекстан Республикасының Конституциялық соты туралы» Конституциялық заңның 33-бабына сәйкес Олий Мажлистің Заң шығару палатасының шешімін қабылдау туралы ұйғарым шығарған және Өзбекстан Республикасы Конституциясының және «Өзбекстан Республикасының Конституциялық соты туралы» Конституциялық заңының талаптарын ескере отырып, Олий Мажлис Заң шығару палатасының шешімін қарауға кіріскен.
Олий Мажлис Заң шығару палатасының «Өзбекстан Республикасының Конституциясы туралы» Өзбекстан Республикасының Конституциялық заңының жобасы бойынша Өзбекстан Республикасының референдумын өткізу туралы» шешімнің Өзбекстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін анықтау бойынша Конституциялық соттың ашық мәжілісі 2023 жылдың 13 наурызында өтетін болып белгіленді.