Өзбекстанда Конституциялық реформаны үш кезеңде жүзеге асыру жоспарланған.
Ұсынылып отырған конституциялық заң жобасында Конституцияның 60-тан астам бабына 170-тен астам өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.
Конституциялық комиссия төрағасы Акмал Саидовтың айтуынша, реформаны үш кезеңде жүзеге асыру жоспарлануда.
Комиссия бірінші кезеңде Ата Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізумен айналысып, ұсыныстар мен ескертулерді зерделеп, одан кейін конституциялық заң жобасын әзірлеп, Олий Мажлистің Заң шығару палатасының қарауына енгізді.
Екінші кезең – заң жобасын қоғамдық талқылауға шығару. 2022 жылдың 25 маусымы мен 5 шілдесі аралығында «Өзбекстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жалпыхалықтық талқылауға шығарылды.
«Конституция – бәрімізге тиесілі басты құжатымыз. Сондықтан бұл үдеріске әркім белсенді қатысып, өз пікірін білдіруі керек. Естеріңізге сала кетейік, 25-26 маусымда барлығы 2658 ұсыныс пен ескертулер келіп түскен. Ұсыныстардың басым бөлігін тұрғындар жіберді», - деді А.Саидов.
Үшінші кезең – референдум өткізу. Бұл үдеріс өзбекстандықтардың бүгінгі реформаларға деген көзқарасын көрсетеді.
Жалпы, конституциялық реформалар барысында азаматтарымыздың белсенділігі байқалып отырғаны көңілге қонымды, – деген Акмал Саидов.
[gallery-7755]