Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Конституциялық реформалар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде
12:41 / 2022-06-06

Өзбекстан Либерал-демократиялық партиясы саяси кеңесі Атқару комитетінің кезекті отырысында Конституцияны жетілдіру үдерісіне партия құрылымдарының белсенді қатысуын тиімді ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Партияның барлық облыстық кеңестердегі өкілдері, партия белсенділері, жергілікті кеңес депутаттары онлайн режимде қатысқан жиында, Конституциялық реформаларды кеңінен насихаттау мақсатында әр облыста 5 адамнан кем емес ақпараттық-насихаттық топтар құрылғаны айтылды. 

Конституциялық реформалар бойынша Мемлекет басшысы айқындаған 9 бағыт бойынша партия Саяси кеңесінің Атқару комитеті жанынан жұмыс топтары Ата заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі және бұл реформаның мәні бір миллионнан астам партия мүшелерінің ғана емес, жалпы халықтың, оның ішінде махалла, кәсіпкерлік суекттерінде, бастауыш партия ұйымдарында ашық диалогты, дөңгелек үстел жиындарда түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Партияның Саяси кеңесі Атқару комитетінің жұмыс тобының Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсынған ұсыныстары қорытындыланып, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұлттық комиссияның қарауына ұсынылуда.

Конституциялық реформалар басталғаннан бері республикалық және облыстық ақпараттық-насихат топтары еңбек ұжымдарында, жоғары оқу орындарында, махаллаларда барлығы 21 мыңға жуық қатысушыны қамтыған 410 іс-шара өткізген. Шараға қатысушылар тарапынан 270-тен астам ұсыныс айтылды. Олардың басым бөлігі, дәлірек айтсақ, 142 ұсынысты УзЛиДеП Республикалық комиссияға пошта арқылы жолдаса, қалғанын партия белсенділері электронды пошта, «Менің Конституциям» порталы және Telegram-боттар арқылы Комиссияға жеткізген.