Өзбекстанда Конституцияға жастарға қатысты бап енгізу ұсынылды.
«Адолат» социал-демократиялық партиясы Саяси кеңесінің орталық аппаратында маңызды саяси үдеріске арналған «Конституциялық реформадағы жастардың рөлі» тақырыбында онлайн-конференция өтті.
Онда «Жаңа Өзбекстанның даму стратегиясында» белгіленген ауқымды міндеттерді жүзеге асыру және елдегі саяси реформаларға жастардың қатысуын арттыру, халықтың басым бөлігін құрайтын, елдің болашағы саналатын жастардың ӨР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарын зерделеу мақсаты айтылды.

Атап айтқанда, партия жастарының Конституцияға жастар тарауын енгізуі және мемлекеттік жастар саясатының басымдықтары мен осыған байланысты негізгі бағыттары, маңызды нормалардың енгізілуі, мектепке дейінгі мекемелерде білім берудің мемлекет есебінен болуы, жалпы орта білім беретін мектептерге 7 жастан емес, қабілетіне қарай қабылдау сынды ұсыныстар қаралды.
Өзара сұрақ-жауапқа толы өткен шарада партия белсенділері мен жастардың ой-пікірлері тыңдалып, мемлекет пен қоғамның дамуына қатысты бірқатар ұсыныстар айтылды.