Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Конор Макгрегор техникалық накаутпен жеңілді
11:59 / 2021-01-24

Американдық Дастин Порье ирландиялық UFC жұлдызы Конор Макгрегорды техникалық накаутпен ұтты.

Абу-Дабидегі шайқастар аралында өткен UFC-257 туринирінің негізгі кездесуі  Дастин Порье мен Конор Макгрегор арасында өтіп, жекпе-жек екінші раундта америкалықтың жеңісімен аяқталды. 

Октагондағы төреші Конор Макгрегордың бірнеше қатты соққылар өткізіп, жығылып қорғана алмағанын байқап шайқасты тоқтатты. Осылайша 32 жасты UFC шебері Дастин Порье ирландиялық екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпионды тізе бүктірді. 

Бұған дейін бұл спортшылар арасындағы алғашқы 2014 жыл 27 қыркүйекте өткен жекпе-жекте Конор Макгрегор жеңіске жеткен еді.

Шайқас нәтижесі қалай аяқталса да Конор Макгрегор UFC мен жасаған келісіміне орай 5 млн доллар гонарар алады, ал Дастин Порье 1 млн долларға ие болады.