Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Конор Макгрегор мен Дастин Порье арасындағы жекпе-жектің күні белгілі болды
12:43 / 2020-10-15

UFC-дің супержұлдыз шебері Конор Макгрегор промоушеннің бұрынғы уақытша чемпионы Дастин Порьемен шайқас өтізетінін жариялады.


UFC-дің супержұлдыз шебері Конор Макгрегор «Twitter» парақшасында промоушеннің бұрынғы уақытша чемпионы Дастин Порьемен шайқас өтізетінін жариялады.

Ирландиялық аралас жекпе-жек шеберінің мәлімдеуінше жекпе-жек келесі жыл 23 қаңтарда өтеді. «Менің мақсатым - бұл жекпе-жекті Далластағы «Cоwбойс» стадионында өткізу. Алаңның иесі менің досым, стадион бәрімізді қабылдауға қауқарлы. Мен Техасқа дайынмын, ал Техас менің жанкүйерлерім үшін. Менің келесі жекпе-жегім Мэнни Пакьяомен өтеді», деген Конор Макгрегор.
және келесі қарсыласы филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо болатынын растады.

Бұған дейінгі Маккрегор мен Порье арасындағы 2014 жылғы 27 қыркүйекте өткен бірінші жекпе-жекте ирландиялық жеңіске жеткен болатын.

Еске салар болсақ, бокс әлемінде аты аңызға айналған филиппиндік Мэнни Пакьяо UFC-дің супержұлдызы Конор Макгрегормен жекпе-жекке шығуға дайын екенін мәлімдеп, тек осы кешті өзінің компаниясы ұйымдастырса ғана бұл жекпе-жек өтетінін айтқан.