Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Конор Макгрегор келесі жекпе-жегін бокс аңызына қарсы өткізетінін мәлімдеді
14:38 / 2020-09-26

Ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор келесі жекпе-жегін аңыз боксшыға қарсы өткізетінін айтты


Ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор келесі жекпе-жегін бокс аңызына айналған филиппиндік Мэнни Пакьяомен жұдырықтасатынын мәлімдеді.

Екі салмақ дәрежесінде UFCдің бұрынғы чемпионы өзінің «Twitter» парақшасында, «Менің келесі жекпе-жегім аңызға айналған боксшы Мэнни Пакьяомен Таяу Шығыста өтеді. Онымен жұдырықтасу – мен үшін абырой», - деп жазған.

Макгрегордың менеджері Оди Аттар ESPN-ге берген сұхбатында тараптар жекпе-жекке қатысты «байсалды келіссөздер жүргізіп жатқанын» айтты, алайда соңғы келісімге әлі келмеген. Шайқас желтоқсанның аяғында немесе қаңтардың басында өтуі мүмкін. Оның артынан МакГрегор UFC-ге оралуды жоспарлап отыр, деп айтқан Оди Атттар.

Еске салар болсақ, Конор бұған дейін 2017 жылы бокстың тағы бір аңызы Флойд Мейвезерге қарсы шаршы алаңға шығып, оныншы раундта нокаутпен жеңілген болатын.