Конор Макгрегор антидопинг ережесін бұзғаны үшін 18 айға дисквалификацияланды
UFC-дің екі дивизионында бұрынғы чемпион болған 37 жастағы ирландиялық Конор Макгрегор антидопинг саясатын бұзғаны үшін 18 айға спорттан шеттетілді.
USADA баспасөз қызметінің хабарлауынша, Макгрегор 2024 жылы үш рет өзінің тұрған жері туралы ақпарат бермеген, бұл инспекторлардың оның биопробасын алуына кедергі жасаған. Мұндай әрекет автоматты түрде ереже бұзушылық болып есептеледі.
Алайда Конор Макгрегор тергеумен толық ынтымақтастық жасап, жауапкершілікті мойындады. Сол себепті стандартты екі жылдық дисквалификация мерзімі 18 айға дейін қысқартылды. Осылайша, ирландиялық спортшы 2026 жылдың 20 наурызынан бастап октагонға қайта оралу құқығына ие болады.