Конор МакГрегор қамауға алынды
UFC-дің бұрынғы чемпионын Францияның Корсика аралында полиция қамауға алған
Екі салмақ дәрежесінде UFC-дің бұрынғы чемпионы ирландиялық Конор Макгрегорды Францияның Корсика аралында полиция қамауға алды.
«Daily Mail» мәліметінше ирландиялық аралас жекпе-жек шебері барлардың бірінде жыныстық шабуыл жасады деген күдікпен ұсталған. Ал спортшының өзі бұл айыптауды жоққа шығаруда.
МакГрегордың жеке өкілі TMZ-ге берген сұхбатында споршыға тағылған барлық айыптарды үзілді-кесілді жоққа шығарғанын және құқық қорғау органдарының барлық сұрақтарына жауап бергеннен кейін босатылғанын айтты.
Қазіргі кезде UFC-дегі мансабын аяқтаған 32 жасты аралас жекпе-жек шебері осы спорт тарихында бірден екі салмақ дәрежесінде чемпион болған алғашқы спортшы.