Конгодағы су тасқынынан 400-ге жуық адам қаза тапты
8 мамыр, дүйсенбіге қараған түні Конго Демократиялық Республикасында су тасқыны мен көшкін салдарынан кем дегенде 394 адам қаза тапты.
AFP басылымының хабарлауынша, демалыс күндері толассыз жауған жаңбыр Оңтүстік Кивуда өзендердің жағасын жарып, кем дегенде жүздеген үйді шайып кетті. 8 мамырда елде қаза болғандарды еске алу үшін қаралы күн жарияланды.
Елдің шығысындағы мекендер су тасқыны салдарынан ең көп зардап шеккен.
Оңтүстік Кивуда, сондай-ақ көршілес Руанда мен Угандада мұндай қауіпті тасқындар жиі болып тұрады. Руандадағы соңғы су тасқыны салдарынан 127 адам қаза тапқан еді. Су тасқыны әдетте аймаққа келетін жаңбырлы маусымдармен бірге жылына екі рет байқалады.