Конгодағы алтын шахтасында 50-ге жуық адам қайтыс болды
Конго Демократиялық Республикасының шығысындағы Детройт алтын кенішінде шахтаның құлауынан кем дегенде 50 жұмысшы қаза тапты
Конго Демократиялық Республикасының шығысындағы Детройт алтын кенішінде шахтаның құлауынан кем дегенде 50 жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды «Reuters» агенттігі.
Ешқандай техникалық талапқа жауап бермейтін бұл алтын шахтасы Канаданың «Banro Corporation» компаниясына тиесілі болып, ол толассыз жауған жаңбыр нәтижесінде топырақ басып қалған. Соның салдарынан үш құдықта алтын іздеуші 50-ге жуық кенші оның астында қалып кеткен.
«Құлау кезінде бірнеше кеншілер шахта ішінде болды және олардан ешкім сыртқа шығалмады. Әнгіме 50-ге жуық жастар жеткіншектер жөніде, деген сондағы топтың басшысы Эмилиан Итонва.
Қазіргі кезде топырақ астанда қалған жандарды іздестіру жұмыстары басталған.