Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Конгода толассыз жауған жаңбыр салдарынан 100-ге жуық адам қаза тапты
10:21 / 2022-12-14

Конго Демократиялық Республикасының астанасы Киншаса қаласының бірнеше шалғай аудандарында 12 желтоқсан күні кештен 13 желтоқсан күні таңға дейін жауған нөсер жаңбыр салдарынан туындаған су тасқыны мен көшкіндерде 100-ге жуық адам қаза тапты.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, апат салдарынан өлім көп тіркелген мекендер арасында Мон Нгафула, Нгалиема, Селембао және Кинтамбо муниципалитеті бар.

Оңтүстік Киншасадағы Мон Нгафула муниципалитетінің мэрі Алидор Чибанда аймақта кем дегенде 30 адам қаза тапты, деген.

Нгалиемада муниципалитетінің мэрі Диемерси Майибазилванганың сөзінше, бұл аймақта 38 адамның қайтыс болған.

Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, тағы жиырмаға жуық мәйіт Селембао және Кинтамбо муниципалитеттерінен табылған.

Киншаса билігі сонымен қатар бірнеше адам өлімі мен инфрақұрылым және үйлерге, соның ішінде астананы қатты жауған жаңбырдың салдарынан үзілген Матади портына қосатын мемлекеттік тас жолға зақым келгенін хабарлады.