Конгода кеме апаты салдарынан 148 адам қаза тапты
Конго Демократиялық Республикасында ағаштан жасалған кеме өртеніп, аударылып кеткен.
The Guardian хабарлауынша, апат салдарынан 148 адам қаза тауып, 100-ден астам адам із-түзсіз жоғалған.
Кемеде шамамен 500 жолаушы болған. Конго өзенінің комиссары Компетент Лойоконың айтуынша, өрт жолаушылардың бірі тамақ дайындау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан басталған. Оқиға кезінде бірнеше адам, соның ішінде әйелдер мен балалар өзенге секіріп, батып кеткен. Ондаған адам құтқарылғанымен, олардың көбісі ауыр күйік алған. Із-түзсіз кеткендерді іздеу жұмыстарына Қызыл Крест пен облыстық әкімдік қолдауымен құтқару топтары жұмылдырылған.
Лойоконың мәлімдеуінше, моторлы ағаш Kongolo кемесі Матанкум портынан шығып, Конго өзені бойымен Боломба қаласына бет алған.