Конго Демократиялық Республикасының бұрынғы президенті Жозеф Кабила мемлекетке опасыздық пен әскери қылмыстар жасады деп танылды. 54 жастағы саясатшының қазіргі қайда екені белгісіз.
Конго Демократиялық Республикасының (КДР) Әскери соты экс-президент Жозеф Кабиланы сырттай өлім жазасына кесті.
Киншасада өткен сот отырысына қатыспаған әрі адвокат тарапынан қорғалмаған 54 жастағы Кабила соғыс қылмыстары, мемлекетке опасыздық және адамзатқа қарсы қылмыстар жасағаны үшін айыпты деп танылды. Іс оның КДР үкіметі мен тутси этникалық азшылығының мүдделерін көздейтін, сонымен бірге көршілес Руанда әскері қолдайтын «23 наурыз қозғалысы» (М23) атты бүлікші топ арасындағы қақтығыстағы рөлімен байланысты.
Қаңтар-ақпан айлары аралығында М23 бүлікшілері елдің шығысында ауқымды шабуылдар ұйымдастырып, Руандамен шекара маңындағы кең аумақтарды талқандалған Конго армиясынан тартып алған еді. КДР-дың қазіргі президенті Феликс Цисекеди Кабила осы топтың ұйымдастырушысы екенін атап өтті.