Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Конар Макгрегор жеңіске жетті
10:59 / 2020-01-19

Конардың келесі жекпе-жегі Хабиб Нурмагамедовпен өтетін болады


Ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Конар Макгрегор американдық Дональд Серронені алғашқы раундтың алғашқы минутында накаутқа жіберді.

Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) T-Mobile аренада өткен UFC-дің 246 турнирінде Конар Макгрегор өзінің 22-ші жеңісіне қол жеткізді.

Бұл Корнардың соңғы 2018 жылдың қазан айында ресейлік Хабиб Нурмагомедовтан жеңілгеннен кейінгі, араға бір жылдан асық уақыт салып октагонға шығуы еді. 

Осы кездесуден алдын UFC басшысы Дана Уайт «егер Конар осы кездесуде жеңіске жетсе, онда келесі кездесу титул үшін өтуі мүмкін және Конардың келесі қарсыласы Хабиб Нурмагамедов болады. Бұл UFC тарихындағы ең үлкен төлемді кездесу болмақ» -деген болаты.