French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Композитор Эннио Морриконе қайтыс болды
15:39 / 2020-07-06

Өз кәсіби шығармашылық кезеңінде «Оскар», «Алтын гобус» «BAFTA», «Грэмми» сыйлығымен марапатталған


Өз кәсіби шығармашылық кезеңінде «Оскар», «Алтын гобус» «BAFTA», «Грэмми» т.б. сыйлығымен марапатталған италияндық композитор Эннио Морриконе 92 жасқа қараған шағында өмірден озды.

Ол 1928 жыл 10 қазан күні Рим қаласында дүиеге келіп, 33 жасынан кейін кинофильмдерге музыка жаза бастады. Эннио Морриконе кинематография саласына қосқан үлесі және «Жиіркенішті сегіздік» фильміне жазған үн таспасы үшін екі рет «Оскар» жүлдесі, үш мәрте «Алтын гобус» лауреты атанып, алты рет «BAFTA» сыйлығына лайық деп табылған.

Композиторлық пен қатар ол аранжировкамен де айналысқан және кәсіби дирижер болған. Ол өзінің шығармашылық дәуірінде 500 астам кинофильмдер мен сериялдарға музыка жазып, артында адамзат сүйіп тыңдайтын өте әсерлі әрі мұға толы, қорқынышқы да бейнелеген үздік музыкалық туындылар мен шаттық сыйлайтын қайталанбас әндерді қалдырды.

Оның өлімі байқаусызда сүрініп кетіп, жығылуы нәтижесінде орын алған, деп жазады «Ansa» басылымы. Бірнеше күн ауруханада жатып соңғы демі таяған шаққа шейін ол өзінің ақыл-есін жоғалтпаған.