Компакт-диск және кассета пленкасын жасаған өнертапқыш қайтыс болды
Өткен ғасырдың жыл жаңалығына айнаған, технологияда төңкеріс жасап компакт-диск және кассета пленкасын ойлап тапқан өнертапқыш нидерландтық Лодевейк Оттенс 95 жасында қайтыс болды.
Dutch News басылымының хабарлауынша, өмір бойы «Philips» компаниясында жұмыс істеген өнертапқыш, инженер Лодевейк Оттенс Солтүстік Брабант провинциясындағы үйінде қайтыс болған.
Оттенс «Philips» компаниясына 1952 жылда жұмысқа тұрып, сегіз жылдан кейін ол компанияның өнімді дамыту бөліміне басшы болды. Арадан бір жыл өтіп оның командасы алғашқы портативті магнитофон жасады. Екі жылдан кейін Оттенс ықшам кассета таспасын жасады және содан біраз уақыттан кейін ғасыр технологиясына баланған CD компакт-дискті ойлап тапты.