Колумбиядағы көшкіннен 37 адам қаза тапты
Колумбияның солтүстік-батысындағы Чоко аймағындағы көшкін 37 адамның өмірін қиды.
CNN телеарнасының хабарлауынша, 12 қаңтар күні аймақта 24 сағат бойы толассыз жауған жаңбырдан кейін Кибдо мен Меделлин қалаларының арасындағы жолды көшкін басып қалды.
Колумбияның табиғи апаттар қаупін басқару ұлттық бөлімі, Колумбияның азаматтық қорғанысы, ұлттық армиясы, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі және Чоко полиция департаменті зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жұмылдырылған.
Колумбия бұрын да адам өліміне әкелетін көшкіндерден зардап шеккен. 2017 жылы елдің шалғай оңтүстік аймағында нөсер жаңбырдан Мокоа қаласына лай тасқынынан кейін жүздеген адам қаза тапқан еді.