Колумбияда әскери «Sikorsky UH-60L» тікұшағы құлады
Апат болған әскери тікұшақ бортында 17 адам болған оның 6 жарақат алып, қалғаны хабар-ошарсыз кеткен
Колумбияның Нукак ұлттық табиғи қорығы маңындағы Инирида өзеніне «Sikorsky UH-60L Black Hawk» әскери тікұшағы құлады.
«Оқиға орнына келген әскери қызметкерлер бортта 17 адам болғанын хабарлап, олардың алтауы жараланып эвакуацияланғаны, тағы 9 әскеридің мәйіті табылып қалғаны іздестіріліп жатқанын мәлімдеген», - деп хабарлаған «Tiempo» Колумбия әуе күштерінің қолбасшылығына сілтеме жасап.
Әуе кемесімен байланыс жергілікті уақыт таңғы сағат үште үзілген. «Sikorsky UH-60L Black Hawk» әскери тікұшағы Миту қаласының орталық муниципалитеті аймағында жедел қолдау қызметін жүзеге асырып жатқан кезде апатқа ұшыраған.
Апат болған жерде құтқару-іздестіру жұмыстарына басшы ретінде келген Колумбия қарулы күштерінің қолбасшысы генерал Луис Наварроның айтуынша, осы аймақта Иван Мордиско басқаратын «Бірінші майдан» ұйымдасқан қылмыстық топтың фрагменттеріне қарсы операция жүруде - бұлар елдің осы бөлігінде бандитизммен айналысатын есірткі саудасымен айналысады, деген.