Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Колумбияда көшкін салдарынан 8 адам қаза тапты
10:23 / 2025-06-25

Колумбияның Медельин қаласына қарасты Белло және Альтос-де-Ориенте аумақтарында толассыз жауған жауыннан кейін көшкін жүріп, бірнеше үйдің үстіне үлкен көлемдегі топырақ үйіндісі құлады.

Салдарынан 8 адам қайтыс болды, тағы 5 адам ауруханаға түсті.

Табиғи апат аймағына көптеген іздестіру-құтқару және өрт сөндіру топтары жіберілді. Қауіптің алдын алу мақсатында онға жуық отбасы эвакуацияланды.

Медельин қаласының мэрі Федерико Гутьеррес қайғылы оқиғадан кейін зардап шеккендерге көмек көрсетіле бастағанын мәлімдеді.

Айта кетейік, наурыз айынан бері Колумбияның көптеген аймақтарына қатты жауын жауып, материалдық шығын келтіруде.