English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Колумбияда ел тарихындағы ең үлкен кокаин кемесі қолға түсті
17:53 / 2023-05-13

Колумбияның әскери-теңіз күштері ел тарихындағы ең үлкен есірткі тасымалдаушы кемені қолға түсірді.

Le Figaro газетіің хабарлауынша, ұзындығы 30 метр және ені үш метр болатын жартылай суға бататын қайықта үш тоннаға жуық кокаин болған. Ол Колумбиялық кокаиннің әлемдегі ең ірі тұтынушысы, Америка Құрама Штаттары үшін ең көп контрабанда жолдарының бірінде Орталық Америкаға бет алған кезде ұсталған.

Басылым дерегінше, отыз жыл ішінде Әскери-теңіз күштері Тынық мұхиты арқылы Америка Құрама Штаттарына немесе тіпті Атлант мұхиты арқылы Еуропаға тонна есірткімен жіберілетін осындай кемелердің 228-ін қолға түсірген.

Кезекті қолға алынған кеме ел тарихындағы ең үлкен есірткі тасымалдауға әрекет еткен кеме болып, әскери-теңіз күштері бұл тәркілеу есірткі саудагерлеріне 103 миллион доллар шығын әкеледі деп есептейді.