Колумбия құқық қорғау органдары көптеген елдермен бірлесіп, алты апта ішінде 225 тонна кокаинді әшкереледі.
The Guardian басылымының хабарлауынша, Колумбия және 62 елдің қатысуымен өткен алты апталық «Орион» операциясы барысында есірткі тасымалданған алты теңіз кемесі тоқтатылып, жалпы салмағы 1 400 тонна болатын есірткі, соның ішінде 1 000 тоннадан астам марихуана және 225 тонна кокаин тәркіленген.
Тыйым салынған жүктің бір бөлігі Австралияға жаңа есірткі тасымалы бағыттары бойынша кетіп бара жатқан суасты қайығынан табылған.
Сонымен қатар, есірткіге қарсы операция барысында заңсыз қару-жарақ саудасымен айналысушылар мен мигранттарды жасырын тасымалдаушылардың қатарынан 400-ден астам адам қамауға алынды.
Хабарда айтылуынша, бұл операция Латын Америкасындағы есірткі картельдеріне ауыр соққы болғаны айтылады.
БҰҰ мәліметінше, жыл сайын әлемде 2 700 тонна кокаин өндіріледі. Колумбия үкіметі 2022 жылы 671 тонна кокаин тәркілеген болатын.