Колорадо соты Дональд Трампқа президенттік сайлауға түсуге тыйым салды
Колорадо штатының Жоғарғы соты сейсенбі, 19 желтоқсанда АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа штаттағы президенттік сайлауға қатысуға тыйым салды.
Deutsche Welle мәліметінше, шешім 2024 жылдың 4 қаңтарында күшіне енеді және 2024 жылдың 5 наурызында өтетін республикалық бастапқы сайлауға қолданылады, онда осы саяси күштің кандидаттары мемлекеттің ең жоғары лауазымына ұсынылатын болады.
Судьялардың үкімі ел Конституциясына енгізілген 14-ші түзетуге негізделген. Ол көтеріліске қатысқандарға азаматтық және әскери мемлекеттік қызметтерді атқаруға тыйым салады. Судьялар 2021 жылдың қаңтарында Трамп жақтастарының Капитолийге басып кіруін қастандық әрекеті деп тапты.