АҚШ-тың Колорадо штатының орталығы Денверде және оның төңірегінде белгісіз біреу төрт адамды атып өлтірді, үш адам жараланған, оның ішінде бір полицей бар.
РИА Новости порталының жергілікті полицияға сілтеме жасап таратқан хабарына сай, атыс Денвер қаласының бірнеше жерлерінде болып, жергілікті уақыт бойынша дүйсенбі күні кешке Лейквуд қаласында аяқталған.
«Оқтан үш адам жараланды: екі әйел қаза тапты, атыс салдарынан (бірінші – ред.) ер адам жараланды. Осыдан кейін көп ұзамай екінші атыс болды... Бір ересек ер адам қаза тапты», - деген Денвер полициясының басшысы Пол Пейсен.
Полиция өкілі Джон Ромероның айтуынша, шабуылшы қала маңында тағы бір адамды атып өлтірген. Осындай атыс орындарының бірінде бір құқық қорғау қызметкері жараланып, оқ жарақатымен ауруханаға түскен. Кейінгі атыс кезінде күдікті атып өлтірілген.
Полиция оқ атқан адам жалғыз әрекет еткенін айтып, оның бұл шабуылы не мақсатта жасағанын қазірге белгісіз екенін мәлімдеген.