French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Колледждер мен техникумдар оқу ақысы белгілі болды
11:22 / 2020-10-09

2020/2021 оқу жылындағы колледждер мен техникумдарда оқу ақысының мөлшері бекітілді


2020/2021 оқу жылындағы колледждер мен техникумдарда оқу ақысының мөлшері бекітілді.

Жоғары және арнайы орта білім министрлігінің бекіткен оқу ақысының мөлшері:
  • Денсаулық сақтау, Педагогика, Бизнес және менеджмент, Өнер, Әлеуметтік қамсыздандыру, Қызмет көрсету, Журналистика және әлеуметтік ақпарат саласы бойынша оқу ақысы - ең төменгі жалақының 6,2 еселенген мөлшері;
  • Жаратылыстану ғылымдары, Көлік, Инженерия, Байланыс және ақпараттандыру, Телекоммуникациялық технологиялар, Компьютерлік технологиялар және информатика, Гуманитарлық пәндер (теледидар бағыты) саласы бойынша оқу ақысы - ең төменгі жалақының 6,0 еселенген мөлшері;
  • Ауылшаруашылық ирригациясы және мелиорация, Ауыл шаруашылығы, Орман және балық шаруашылығы, Өндіріс және қайта өңдеу өнеркәсібі, Сәулет және құрылыс, Өмір жолындағы қауіпсіздік, Ауылшаруашылық машиналары, Ветеринария, Қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша оқу ақысы - ең төменгі жалақының 5,8 еселенген мөлшері.
Ең төменгі жалақы мөлшері өскен кезде оқу ақысының мөлшері сәйкесінше келесі оқу семестрінің басынынан өсетін болады.