KOICA Өзбекстандағы IT-паркке 4,5 миллион доллар грант бөледі
Корея халықаралық ынтымақтастық агенттігі (KOICA) Өзбекстандағы ақпараттық технологиялар паркі дирекциясына 4,5 миллион доллар грант бөледі.
16 желтоқсанда Ақпараттық технологиялар және коммуникациялар министрі Шерзод Шерматов Сеулде Корей халықаралық ынтымақтастық агенттігінің вице-президенті Им Чон Химен кездесті.
Министрліктің хабарлауынша, тараптар Корея халықаралық ынтымақтастық агенттігі (KOICA) және Өзбекстанның бағдарламалық өнімдер және ақпараттық технологиялар паркі (IT-парк) дирекциясымен бірлесіп, «Өзбекстандағы IT-парктің тұрақты дамуын қалыптастыру және әлеуетін арттыру» жобасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында жобаны талқылау туралы мәлімдемеге қол қойылды. Осыған орай, KOICA Өзбекстандағы ІТ-парктің дамытуға 4,5 млн доллар көлемінде грант бөледі.