Американдық баскедбол аңызы Коби Бин Брайант тікұшақта апатқа ұшырап, көз жұмған жерде ескерткіші қойылды.
Бұдан екі жыл бұрын «Лос-Анджелес Лейкерс» клубының баскедболшысы Коби Брайант және оның 13 жасты қызы мен бортында 7 адам болған тікұшақ Калифорнияның Калабас қаласында аптқа ұшырап, олардың барлығы оқиға орнында қаза болған еді.
Коби Брайант пен оның қызы Жаннаға арналған мемориалды ескерткіш дәл осы тікұшақ апат болған жерге қойылды. Монументті мүсінші Дэн Медина жасаған болып, онда Коби өзінің сүйікті командасы «Лейкерс» формасында қызы Жаннаны құшақтап тұрғаны бейнеленген.
Ескерткіште 2020 жылдың 26 қаңтарында тікұшақ апатында Брайант, оның қызы Жаннаның және қаза тапқан тағы жеті құрбанның есімдері жазылған.
Брайант спорттағы мансабында «Лос-Анджелес Лейкерс» клубында 20 мауысым өнер көрсетіп, командамен бірге Ұлттық баскетбол қауымдастығының (NBA) бес дүркін чемпионы және АҚШ ұлттық құрамасымен екі рет Олимпиада чемпионы атанған.