Күннен қорғайтын электронды көзілдірік жасалды
Өнертапқыштар күннен қорғайтын электронды көзілдірік жасады. Оны бір әрекетпен оқу көзілдірігіне айналдыруға болады.
Көзілдіріктің құпиясы – белсенді аймақтың болуында, ол қолданылатын кернеудің әсерінен оптикалық қуатты өзгертеді. Басқару «дужкадағы» сенсор бойымен сырғу арқылы жүзеге асырылады. Өзгеріс диапазоны - +2 диоптрияға дейін болып, оны мобильді қосымшаның көмегімен объектив жанған кезде алатын нақты мәнді орнату мүмкін. Үлкейтуді өшіру үшін оны «дужка» бойымен қарама-қарсы бағытта жылжыту жеткілікті.

Жоба авторлары көзілдірікті 2022 жылдың сәуірінен бастап клиенттерге жеткізуді жоспралаған. Қазіргі кезде көзілдіріктің көтерме бағасы - 449 долларға бағаланған.