Күн тәртібінде – өңірлік бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету
4-5 қыркүйек күндері Ташкент қаласында ШЫҰ-ның Өңірлік антитеррор құрылымының (ӨАТҚ) оныншы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы және ТМД-ның терроризм мен экстремизмге қарсы екінші конференциясы өтуде.
ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Нуран Ниязалиев өз сөзінде қазіргі күрделі геосаяси жағдайда терроризм, экстремизм және онымен байланысты қылмыстарға қарсы күрес өте маңызды мәселе екенін атап өтті.
—ШЫҰ ӨАТҚ форумының ТМД-ның терроризм мен экстремизмге қарсы екінші конференциясымен бірге өткізілуін қолдаймыз. Мұндай тәсіл өңірлік бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелерінде пікір алмасуға және осы бағыттағы ынтымақтастық үшін келісілген ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.
ШЫҰ Хатшылығы БҰҰ және оның жаңа қауіптерге қарсы күрес жөніндегі арнайы мекемелерімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. БҰҰ-ның Терроризмге қарсы басқармасымен тұрақты байланыстар орнатылған, — деді Н. Ниязалиев.
ӨзА