Күн батареяларынан пайдалануға қатысты жаңа бағдарлама іске қоылды
Мемлекет басшысының 2023 жылғы 16 ақпандағы шешіміне сәйкес, 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап халық күн батареялары арқылы өндірілген электр қуатының бір киловатт сағатына 1000 сум көлемінде субсидия алатын болды.
Сондай-ақ, бүгіннен бастап республика аймақтарында тұрғындар үйіне шағын қуатты (жалпы қуаты 50 кВт-қа дейін) күн батареяларын орнатуды ынталандыру мақсатында «Қуёшли хонадон» (Шуақы шаңырақ) бағдарламасы іске қосылды.
Бағдарламаға сәйкес, жеке тұлғалардың күн батареялары арқылы өндіріп, өз тұтынуына артылған энергияны біртұтас электр энергиясы жүйесіне өткізген әрбір киловатт сағатына 1000 сум субсидия бөлінеді.
Тұрғындар тарапынан сатылған электр энергиясының қаражаты ай сайын «Салық» мобильді қосымшасы арқылы азаматтардың банк пластикалық карталарына аударылады.