Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Әкімшілік айыппұл 15 күн ішінде төленсе, 50 пайыздық жеңілдік қолданылады
11:49 / 2023-04-20

Өзбекстанда әкімшілік айыппұл 15 күн ішінде төленсе, 50 пайыздық жеңілдік қолданылады.

Әкімшілік айыппұлды төлеуде халыққа қосымша қолайлы жағдай жасауға байланысты Әкімшілік жауапкершілік кодексіне өзгерістер енгізу туралы Заңға Мемлекет басшысы қол қойды.

Кодекстің 332-1-бабына енгізілген өзгеріске сәйкес, егер құқық бұзушы айыппұл салу туралы қаулы шығарылған күннен бастап 15 күн ішінде айыппұлдың 50 пайызын немесе 30 күн ішінде айыппұлдың 70 пайызын өз еркімен төлесе, қалған айыппұлды төлеуден босатылады.

Айыппұл салу туралы қаулыны орындаудың оңайлатылған тәртібі мынадай жағдайларда қолданылмайды:

Кодекстің 131, 132, 136 және 140-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда;

айыппұл салу туралы қаулыға шағым жасалғанда немесе наразылық білдірген кезде;

әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн 1 жыл iшiнде дәл сол құқық бұзушылық қайталанса.

Заң 2023 жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енеді.