Қазақстанның «KMG PetroChem» компаниясы делегациясы Өзбекстандағы «Uzbekistan GTL» зауытының жұмысымен танысты.
Кездесу кезінде тараптар перспективалы жобалар, әріптестік мүмкіндіктері және инвестициялық бағыттар бойынша пікір алмасты. Сарапшылардың айтуынша, екі ел арасындағы мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты дамыту, бірлескен болашағы зор жобаларды талқылау және стратегиялық әріптестікті нығайту айрықша маңызды.

Сұхбат барысында екі ел компаниялары арасындағы тұрақты және ұзақ мерзімді серіктестік орнатудың маңызы айтылды.
Кейін делегация зауыттың өндірістік қызметімен, технологиялық үдерістерімен және қуат мүмкіндіктерімен танысты. Қонақтар кәсіпорында қолданылып жатқан заманауи технологиялар мен өндіріс желісін егжей-тегжейлі көріп шықты.

«Узбекнефтгаз» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл танысу Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға, сондай-ақ мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған маңызды қадам.