Өзбекстан Үкіметі Ташкент қаласында көпқабатты автотұрақтар салады.
Мемлекет басшысы «Қоғамдық көлік жүйесін реформалау шаралары туралы» шешімге қол қойды.
Экономика және қаржы министрлігінің арнайы құрылған мемлекеттік мекемеге жер телімдерін тікелей беру арқылы Мемлекеттік бюджет есебінен немесе мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде, Ташкент қаласында көпқабатты автотұрақтар салу және дайын бизнес ретінде кәсіпкерлік субъектілерге тұрақ бейінін өзгертпеу шартымен сату тәжірибесі енгізу туралы ұсынысы мақұлданды.
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрлігі Ташкент қаласы әкімдігі, Көлік министрлігі мен Экономика және қаржы министрлігі бірлесе отырып, бір ай мерзімде көпқабатты автотұрақтарды салу тәртібін Министрлер Кабинетінің бекітуіне енгізеді.
Қарақалпақстан Республикасы Министрлер Кеңесі және облыс әкімдіктері Көлік министрлігі мен Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрлігімен бірлесіп, 2023-жылдың соңына дейін Нөкіс қаласы мен облыс орталықтарында қоғамдық көлік жүйесін және инфрақұрылымын жақсарту бойынша шаралар жоспары және оларды іске асыру бойынша мақсатты бағдарламалары әзірленетін болады.