Өзбекстанда 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап әкімдер мен министрлер және басқа да мемлекеттік қызметегі басшыларға берілген автокөліктерге мемлекеттік нөмірдің жаңа түрі енгізілетін болды.
ӨР Министрлер Кабинетінің қаулысына сәйкес мемлекеттік басқару органдары басшыларының қызметтік автокөліктеріне тек «DAV» әріптері бар мемлекеттік нөмір тығылады.
Сонымен қатар, қаулыда министрлер, мемлекеттік басқару органдарының басшылары, облыс және Ташкент қаласы әкімінің қызметтік автокөлігінің құны БЕМ-нен 2000 есеге дейін (490 млн сум), ал олардың орынбасарлары үшін 1500 есеге дейін (367,5 млн сум) мөлшерде белгіленді. Аудандық және қалалық әкімдер үшін БЕМ-нен 1000 есеге дейін (245 млн сум) және олардың орынбасарлары үшін 700 есеге дейін (171,5 млн сум) соммалы автокөліктер көзделген.
Жаңа қаулыға байланысты қызметтік көліктерді ауыстыру немесе оларды өз жүйесіндегі ұйымдарға беру процесі (жарамсыз болып қалған көлік құралдарын қоспағанда) кем дегенде 5 жыл пайдаланғаннан кейін жүзеге асырылуы мүмкін екендігі айтылған.
Мемлекеттік басқару органдарындағы қазіргі пайдалануда бар қызметтік көліктер екі ай ішінде тіркеуден өтеді және жоғарыдағы белгіленген нормаларға сәйкес лимиттен жоғары қызметтік көліктердің тізімі жасақталып, 1 тамызға дейін электрондық ашық аукционда сатылады.