Клубтар арасындағы Әлем чемпионатына жеребе тартылды
Швейцарияның Цюрих қаласында футбол бойынша клубтар арасындағы Әлем чемпионатына жеребе тартылды.
Ақпан айының 1-11 күндері аралығында Катарда өтетін допты дода да, Еуропа Чемпиондар лигасының жеңімпаздары – «Бавария» және Либертадорес кубогының иегерлері («Сантос» немесе «Палмейрас») кездесулерді жартылай финалдан бастайды.
Ширек финалмен кездесулері:
«Тигрес» (Мексика) – «Улсан Хьюндай» (Оңтүстік Корея)
«Ад-Духайл» (Катар) – «Аль-Ахли» (Египет)
Либертадорес кубогының иегері «Тигрес» - «Улсан» матчының жеңімпазымен, ал Бавария «Ад-Духайл» немесе «Аль-Ахли» клубымен ойнайтын болады.

Ширек финал ойындары 4 ақпанда, жартылай финал кездесулері7 және 8 ақпанда өтеді. Финал 11 ақпанға жоспарланған.